Ашық экономика моделінде ресурстарды тиімді басқарудың алгоритмдік тәсілі

Автор(и)

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcsit4120263

Ключові слова:

сандық әдістер, тиімді басқару алгоритмдері, ашық жүйелерді модельдеу, ресурстарды үлестіру, бағдарламалық құралдар, модельдеу және талдау

Анотація

Жаһандық экономиканың қарқынды дамуы мен сыртқы факторлардың ықпалы тұрақты өсуді қамтамасыз етуде көптеген қатерлер туғызуда, сондықтан ресурстарды тиімді басқару өзекті мәселе болып табылады. Бұл мақалада ашық экономика моделінде еңбек ресурстарын бөлуге, инвестицияларға және сыртқы сауда теңгеріміне қойылған шектеулер жағдайында ресурстарды тиімді басқару мәселесі қарастырылады. Мәселені шешу үшін Лагранж көбейткіштерінің түрлендірілген әдісіне негізделген сандық алгоритм ұсынылған. Ұсынылған алгоритм басқару есебінің (ТБЕ) сандық шешімін алуға және модельдің практикалық қолданылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жүргізілген есептеу тәжірибелері ұсынылған тәсілдің тиімділігін алынған сандық есептеулер арқылы растады. Оған дәлел ретінде алынған жүйе күйі мен басқару траекториялары жүйенің тұрақты тепе-теңдік күйіне қол жеткізу және барлық шектеулердің қанағаттандырылуы. Зерттеудің практикалық маңызы – алгоритмнің ТБЕ-нің сандық шешімдерін жүзеге асыруға және оларды ресурстар шектеулі жағдайында экономикалық дамуды талдау мен болжау үшін пайдалануға мүмкіндік беруінде.

Завантажити

Дані для завантаження поки недоступні.

Біографії авторів

  • автор Kamshat Tussupova, афіліація Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

    Kamshat Tussupova – PhD, Senior Researcher at the Department of Information Systems in Al-Farabi Kazakh National University, Republic of Kazakhstan. Research interests: Optimal control of dynamic systems and modeling of economic systems; application of machine learning methods for developing algorithms of forecasting and resource allocation.  e-mail: kamshat-0707@mail.ru.

  • автор Гулбану Мирзахмедова, афіліація Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

    Gulbanu Mirzakhmedova – PhD, Acting Associate Professor, Senior Lecturer at the Department of Information Systems in Al-Farabi Kazakh National University, Republic of Kazakhstan. Research interests: Optimal control of dynamic systems and modeling of economic systems. e-mail:  gulbanu.myrzahmedova@gmail.com

  • автор Асем Шормакова, афіліація Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

    Assem Shormakova – PhD, Head of the "Information Systems" department, Acting Associate Professor; Al-Farabi Kazakh National University, Republic of Kazakhstan; е-mail: shormakovaassem@gmail.com

Завантаження

Опубліковано

2026-03-26