Динамикалық өзара байланысқан көпқабатты газ кен орындарындағы сүзу процесінің сандық моделі
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcsit20253206Ключові слова:
gas, filtration, multilayer, porous medium, parabolic equations, numerical modeling, finite difference method, explicit scheme, implicit scheme, quasilinear method, pressure, stability condition, conductivity coefficient, software, mathematical modelАнотація
Бұл мақала динамикалық өзара байланысқан көп қабатты кеуекті ортада газды сүзу процесін модельдеуге арналған Мақала динамикалық өзара байланысқан көп қабатты кеуекті ортада газды сүзу процесін модельдеуге арналған Мақалада өткізгіштігі төмен аралық қабаттары бар біртекті емес үш қабатты кеуекті ортада газдың сүзілу процесі және қабаттар арасындағы динамикалық өзара әрекеттесу параболалық типті дифференциалдық теңдеулер жүйесіне негізделген математикалық модельмен сипатталған Бұл математикалық модель ақырлы айырымдық әдістер, яғни айқын және айқын емес схемалар көмегімен сандық модельденеді. Алынған ақырлы айырымдық теңдеулер жүйесі қысым функциясы бойынша сызықты емес болғандықтан квазисызықты әдіс қолданылды.
Қысым функциясының уақыт бойынша динамикасы 360, 720 және 1080 тәулік уақыт аралықтары үшін талданды және осы уақыт аралығында қабаттардағы қысымның таралуы, ұңғыма айналасындағы қысымның түсу жылдамдығы және қабат аралық өзара әрекеттесу динамикасы зерттелді. Есептеу нәтижелері сандық және графикалық түрде келтірілген, олар газ ағынының қабат аралық қозғалысы қалай жүретінін нақты көрсетеді. Графикалық талдауды қолдана отырып, айқын схемада есептеу процесінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін уақыт қадамының шегі анықталды: тұрақты есептеу тек өлшемсіз уақыт қадамымен Δt ≤ 1,7e-4 жүзеге асырылады. Сондай-ақ, айқын емес сұлба бойынша жүргізілген есептеулер бұл әдістің айқын сұлбамен салыстырғанда тұрақты тұрақтылығы жоғары екенін көрсетті. Нәтижелер көрсеткендей қабаттың өткізгіштік коэффициенті үлкен болған кезде қысымның таралуы жылдамдайды, ал ұңғымаларда қысымның төмендеуі баяулайды.Сонымен қатар тікелей байланысқан көп қабатты кеуекті орталарда қабаттардың өткізгіштік коэффициенті маңызды рөл атқарады Алынған нәтижелер негізінде газ кен орындарын игеру тиімділігін арттыру үшін әртүрлі параметрлер бойынша есептеулер жүргізуге болады. Сондай-ақ мақалада әзірленген сандық модельдер мен алгоритмдер негізінде құрылған бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен мұнай-газ кен орындарын талдауға және болжауға болады.





