Қазақтың дәстүрлі тағамдарының бейнелерін CNN көмегімен жіктеу
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcsit20253204Ключові слова:
қазақ тағамдары, тағам кескінін классификациялау, конволюциялық нейрондық желілер, трансферлік оқыту, мәдени мұраны сақтау, диеталық бағалау, кескіндер деректер жиынтығыАнотація
Семіздік – денсаулыққа үлкен қауіп төндіретін жаһандық мәселе болып бара жатыр. Бұл эпидемияға қарсы күресте тиімді тамақтану тәртібін басқару өте маңызды. Қазақстанда дәстүрлі тағамдар мәдениеттің ажырамас бөлігі болғанымен, тамақтану әдеттерін талдауға арналған толыққанды деректер мен құралдар жеткіліксіз. Біз компьютерлік көру технологияларындағы жетістіктерді пайдалана отырып, дәстүрлі қазақ тағамдарының суреттерін автоматты түрде жіктейтін конволюциялық нейрондық желі (CNN) негізіндегі әдісті әзірледік. 22 санаттағы қазақ тағамдарының 9 577 суретін қамтитын жаңа деректер жинағын жасап, бірнеше CNN модельдерін оқытып, бағаладық. Ең жақсы нәтижені (fine-tuned DenseNet121 моделі) топ-1 классификация дәлдігі 95% көрсетті. Бұл нәтижелер тағамды тану арқылы тамақтануды бақылау, тағамдық бағалау және мәдени мұраны сақтау мүмкіндіктерін көрсетеді. Сонымен қатар, дайын модель Telegram чат-ботына енгізіліп, пайдаланушылардың сурет жүктеу арқылы тағамдарды нақты уақыт режимінде анықтауына мүмкіндік берді.





