INVESTIGATION OF EMERGENCY SITUATIONS IN ALMATY USING MACHINE LEARNING METHODS
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcsit20253104Ключові слова:
emergencies, machine learning, classification, NLP, preprocessing, KNN, LR, RF, text classificationАнотація
Қазіргі уақытта халықты күн сайын болып жатқан адам өміріне және ел аумағына зиян келтіретін төтенше жағдайлардан қорғаудың, мониторинг жүргізудің және зерттеудің маңызы артуда. Сондай-ақ төтенше жағдайларды болжау және алдын алу жөніндегі ұйымдастыру шараларының қажеттілігі де назарға алынуда. Зерттеу объектісі – табиғи, әлеуметтік және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар. Ғаламторда ақпараттың көбеюіне байланысты жаңалықтар сайттарында үздіксіз жарияланатын деректерді талдау қажеттілігі туындады. Бұл зерттеуде машиналық оқытуға негізделген әдістер мен тәсілдер қолданылды. Төтенше жағдайлар туралы деректер талданды. Оқиғалардың жиілігіне әсер ететін негізгі факторлар анықталды. Сондай-ақ төтенше жағдайлардың түрлері бойынша жіктеу және бағалау жүргізілді. Әр алгоритмнің тиімділігі бағаланып, машиналық оқытудың ең оңтайлы әдістері анықталды. Ашық деректер көздерінен мәтін форматында деректер жиналып, табиғи тілді алдын-ала өңдеу әдістері арқылы өңдеуден өтті. Алматы қаласы бойынша ауа райы туралы тарихи деректерді пайдалана отырып, төтенше жағдайлар мен ауа райы құбылыстары арасындағы корреляция анықталды.





